Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нұр-Сұлтанда пышақ ұстаған әйел дүкеннің ішінде ойран салды

baq.kz

Нұр-Сұлтанда пышақ ұстаған әйел дүкеннің ішінде ойран салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүлік шығарған әйел ұсталып, Полиция басқармасына жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Polisia.kz сайтының хабарлауынша, 10 шілдеде сағат 18.00 шамасында әлдекім полиция бөліміне қоңырау шалып, "Самал" шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйел пышақпен қаруланып, әмбебап дүкеннің қызметкерлері мен келушілеріне балағат сөздер айтып, тағам өнімдерін жан-жаққа лақтырып, дүкен сөрелерін қиратып жатқанын хабарлаған. 30 жастағы бұрын сотты болған әйел оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Дегенмен, тәртіп сақшылары оны ұстап, Полиция басқармасына жеткізген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024