Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Екі танысын мылтықпен атып жаралаған қостанайлық қамауға алынды

inform.kz

Екі танысын мылтықпен атып жаралаған қостанайлық қамауға алынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Екі адамға оқ атқан Қостанай облысының тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға Алтынсарин ауданының Силантьевка ауылында болған. «Аулада отырған үш ер адамның арасында жанжал туындайды. Содан кейін күдікті аңшы мылтығын алып шығып, 29 және 31 жастағы екі танысына оқ атқан. Жарақат алған екеу ауруханаға жеткізілді» дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер. Қазір осы дерек бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024