Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмолада алтын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

baq.kz

Ақмолада алтын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Ақмола облысы кәсіпорындарынан шикізат ұрлау схемасын жасақтап алған. Шикізатты өңдеу үшін олар оны алдымен жасырын шағын цехтарға жеткізген, кейіннен оны мемлекеттен тыс жерлерге шығарған. Арнайы операция кезінде полицейлер контрабанданың ірі арнасынының жолын кесіп, 10 адамды ұстады. Оқиға орнынан заттай айғақтар мен техникалық құралдар тәркіленді. Ұйымдасқан қылмыстық топты жасақтау және басқару дерегі бойынша ҚР ҚК 262-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бапқа сәйкес, олардың кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Жедел тергеу шаралары жалғасуда.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024