Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нұр-Сұлтанда бір дүкенді екі рет тонаған ұры ұсталды

aikyn.kz

Нұр-Сұлтанда бір дүкенді екі рет тонаған ұры ұсталды

Елордада бір түнде бір дүкенді екі рет тонаған 27 жастағы азамат ұсталды, – деп хабарлады қалалық полиция департаменті. Ведомствоның мәліметінше, ол әуелі сауда нүктесіне есікті бұзып кіріп, 50 мың теңге мен бірнеше қорап темекі алып кеткен. Көп ұзамай дүкенге қайта оралып, қымбат ішімдіктердің бірін қолды қылған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. «Ол өз қылмысын мойындап, ұрлаған ақшаны жұмсап үлгергенін айтты. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, ұсталған азамат осыған дейін де сотталған. Қазір оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр»,- делінген хабарламада.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024