Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мәскеуде ГРУ командирі өзіне қол жұмсады

azattyq.org

Мәскеуде ГРУ командирі өзіне қол жұмсады

Мәскеу облысы Ступин ауданындағы "Мещерино-1" әскери бөлімінің командирі өзіне қол жұмсады. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйенген ТАСС агенттігі хабарлады.Ашық дереккөздерінде әскери бөлімнің қарулы күштер бас басқармасына (ГРУ) қарайтыны көрсетілген. Өзіне қол жұмсаған командирдің аты-жөні айтылмайды. Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік реестріндегі мәлімет бойынша, әскери бөлімді 2017 жылдың сәуір айынан бері Игорь Попов басқарған.Суицид себебі де айтылмайды. Ақпаратқа қарағанда, офицерге дәрігерлер көмек көрсеткен, бірақ ол жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024