Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҰҚК Түркияда ұсталған қазақстандықтың аты-жөнін жариялады

ktk.kz

ҰҚК Түркияда ұсталған қазақстандықтың аты-жөнін жариялады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркияда ұсталған қазақстандық туралы ақпарат таратты. Оның аты-жөні – Аманбек Самат Аманбекұлы, Атырау облысының тумасы. Ер адам 2015 жылдың қарашасынан бері іздеуде болған. Қазір ол Түркияда қамауда отыр. Ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр. Айта кетейік, 19 ақпанда ДАИШ* құрамында болған қазақстандықтың Түркияда ұсталғаны хабарланды. Ол "қызыл" деңгейдегі іздеуде болған. Сирия-Түркия шекарасын кесіп өтіп, Түркияға заңсыз кіруге әрекет жасады. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ақпаратына сәйкес, террористік әрекетке қатысы бар Қазақстанның 40 азаматы халықаралық іздеуде жүр. Дереккөз:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024