Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызылордада екі күн бұрын жоғалған қыз табылды

kznews.kz

Қызылордада екі күн бұрын жоғалған қыз табылды

Қызылорда қаласында екі күн бұрын жоғалған жасөспірім қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 17 жастағы жасөспірім қыз 8 сәуір күні жұмыстан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағанын бұған дейін жазған едік. Оған қатысты іздестіру іс-шаралары жүргізілген болатын. «Нәтижесінде 10 сәуір күні полицейлер қалада орналасқан көппәтерлі үйлердің бірінің ауласында жасөспірім қыздың жүргенін анықтады. Ол ата-анасына жеткізілді. Кәмелет жасына толмаған қыздың денсаулығына ешқандай қауіп-қатер төніп тұрған жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024