Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайда шахтаны су басып, кеншілер жер астында қалып қойды

almaty.tv

Қытайда шахтаны су басып, кеншілер жер астында қалып қойды

ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында көмір шахтасын су басып, 21 адам жер астында қалып қойды, деп хабарлайды Мәліметке сәйкес, апат сенбі күні Бейжің уақыты бойынша кешкі 18:10-да ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Чанцзи-Хуэй округы Хитуби уезінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, жөндеу жұмыстары кезінде шахтаны су басып, салдарынан электр қуаты өшкен. Кеншілермен байланыс та үзілген. Төтенше жағдай кезінде шахтада 29 кенші болған, сегізі құтқарылды. Қазіргі кезде 21 адам су басқан шахтада қалып отыр. Шұғыл қызметтер апат орнында жұмыстарын жалғастыруда.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024