Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда айыппұлдарды жоюмен айналысқан полицейлер ұсталды

qazaquni.kz

Алматыда айыппұлдарды жоюмен айналысқан полицейлер ұсталды

Алматыда полицейлердің ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, жылдар бойы жол ережесін бұзу бойынша салынған айыппұлдарды өшіріп келгені үшін ақша алғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты. – Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында полиция қызметкерлері мен бұрын сотталған адамдар болған. Олардың 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін айыппұлдарды өшірумен айналысқаны анықталып, қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталды, – деді Биғайдаров. Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен мемлекетке аса ірі көлемде, 247 млн теңгеден астам сомаға зиян келтірілген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024