Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазан қаласындағы атыс: 11 адам қаза тапты

alashainasy.kz

Қазан қаласындағы атыс: 11 адам қаза тапты

Бүгін Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектепке қару асынған екі адам кіріп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған. Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан 11 адам қаза тауып, зардап шеккен 16 адам ауруханаға жеткізілген.   17 жастағы қылмыскерлердің біреуі терезеден секіріп кеткен, ал оның серіктесін күш құрылымдары мектептің екінші қабатында бұғаттаған.   Қазіргі таңда мектеп айналасын Росгвардия жауынгерлері қоршап тұр. Оқиға орнына ондаған жедел жәрдем көлігі келген. Мектеп оқушыларының жартысы далада, іште қалған адамдар болуы әбден мүмкін. Оқиға орнына Татарстан президенті Рустам Минниханов пен бас прокурор Илдус Нафиков аттанды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024