Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оралда полиция қызметкері мас күйінде жол апатына ұшырады

inform.kz

Оралда полиция қызметкері мас күйінде жол апатына ұшырады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда полиция қызметкері мас күйінде жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 13 маусым күні сағат 02.39-да М.Шолохов пен Ғ.Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болды. Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы «Фольксваген Пассат» көлігімен арақашықтықты сақтамай, алда кетіп бара жатқан, 33 жастағы әйел жүргізген «Ауди А4» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. «Екі жүргізуші де медициналық куәландыруға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші әйел айық, полиция қызметкері жеңіл дәрежелі мас күйінде болған», деді Б.Белгібеков. Б.Белгібеков
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024