Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Вандалдар Баянауыл ұлттық паркіндегі көне қорымның тас-талқанын шығарған

paryz.kz

Вандалдар Баянауыл ұлттық паркіндегі көне қорымның тас-талқанын шығарған

Павлодар облысының полицейлері қола дәуірінің археологиялық ескерткішін бүлдірген бұзақыларды іздеп жатыр. Көне заманның көзіне баланған тастарға қаншалықты зақым келгенін енді ғалымдар анықтауы тиіс деп хабарлайды Paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап. Белгісіз біреулер Баянауыл ұлттық паркінің аумағында көне қорымның тас-талқанын шығарған. Бұл қыраттағы ескерткіштер біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдыққа жатады. Қазба жұмысы кезінде археологтар Андронов мәдениетіне жататын әшекей бұйымдар мен ыдыс-аяқтарды тапқан еді. Тарихи ескерткішті сақтап қалу үшін мамандар бірнеше жылдан бері жергілікті биліктен қорым аумағын қоршауды сұрап келеді. Әзірге оған құлақ асқан атқамінерлер жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024