Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында жантүршігерлік апаттан жеті адам көз жұмды

ktk.kz

Алматы облысында жантүршігерлік апаттан жеті адам көз жұмды

Алматы облысында Алматы - Көкпек-Көктал тас жолында жеті адам қаза тапты. Олардың арасында төрт бала бар, біреуі небәрі төрт айлық болған. Трагедия 19 маусым, сенбі кешке болды. Байсейіт кентінің маңында екі жеңіл көлік соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota Rav4 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, Audi-мен соқтығысқан. Быт-шыты шыққан көліктердің суреттері әлеуметтік желіде тарады. Екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам жақын маңдағы Шелек ауылының ауруханасында жан тапсырды. 16, 13, 8 жастағы балалар мерт болды. Сондай-ақ төрт айлық сәби қайтыс болды, деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024