Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйіттің кім екені анықталды
Қызылорда облысында құтқарушылар Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйітті жағаға шығарды, – деп жазды ҚазАқпарат. Белгісіз адамның мәйіті Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының бойына орналасқан көпір маңында табылған. «Рейдтік шаралар өткізіп жүрген төтенше жағдайлар саласының мамандары өзен үстінен белгісіз адамның мәйітін тауып, оны жағаға шығарды», – деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмысы қызметінің маманы Әлия Ережепова. Кейіннен белгілі болғанындай, оның Қармақшы ауданының 1984 жылғы тұрғыны екендігі анықталды.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
28 наурыз 2024
28 наурыз 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар