Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ШҚО тұрғынының үйінен қару-жарақ арсеналы табылды

inform.kz

ШҚО тұрғынының үйінен қару-жарақ арсеналы табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жеке тұрғын үйді тінту барысында қару-жарақ арсеналын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Ұлан ауданы тұрғынының үйінде санкцияланған тінту жүргізген. Соның барысында заңсыз сақталған атыс қаруының бірнеше түрі мен оқ-дәрілер табылған. «Барлығы 4 мылтық тәркіленді. Нақты айтқанда, калибрі 5,6 мм «ТОЗ» маркалы бір ойық мылтық және 16 калибрлі тегіс ұңғылы үш мылтық. Аталған факті бойынша 54 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шая
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024