Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өлген мысықты балконға асып қойған атыраулық әйелдің әрекеті жұртты шошытты

kaz.caravan.kz

Өлген мысықты балконға асып қойған атыраулық әйелдің әрекеті жұртты шошытты

Атырау облысы Жылыой ауданында әйел мысықтарды өлтіріп, балконға асып қойған.   Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды. Полиция мәліметінше, атыраулық тұрғын мысықтарды даладан ұстап әкеліп, өлтіріп, балконға асып қойған. Мұны көрген қала тұрғындары шошып, полицияға хабарласқан. Куәгерлердің айтуынша, әйел мұндай әрекетке бірнеше рет барған.  Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 316-бабы (“Жануарларға қатыгездiк жасау”) бойынша қылмыстық іс қозғады. Әйелдің не үшін осындай қылмысқа барғаны белгісіз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024