Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістанда жүк көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған қызды зорлаған

turkystan.kz

Түркістанда жүк көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған қызды зорлаған

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жолда кәмелетке толмаған жолаушыны зорлаған ер адамға қатысты үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz Анықталғандай, күдікті жеке көлігімен Жетісай қаласына келіп, жол бойынан кәмелетке толмаған қызды алып кеткен. Ер адам өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында жүк көлігін тоқтатып, оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолдану арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Үйіне қайтып келе жатқан жәбірленуші өз-өзіне қол жұмсамақ болған, оны туыстары байқап қалып, тоқтатқан. Ер адамның кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді. Сот үкімімен ол «Зорлау», «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» және «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол қатаң режимдегі колонияға 19 жылға бас бостандығынан айрылу жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024