Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде оқушы қыз өз анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

alashainasy.kz

Ақтөбеде оқушы қыз өз анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Ақтөбеде 16 жастағы мектеп оқушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол анасын өлтірді деген күдікке ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқиға Ақтөбе қаласында болды. Қазіргі кезде Қылмыстық істің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, 16 жастағы қыз бен оның 19 жастағы танысы күдікке ілікті. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот алды тергеу басталып, күдіктілер уақытша қамалды. Ал облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова күдікті қыздың толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқанын айтты. «Анасы вахталық әдіспен сауыншы болып жұмыс істеген. Бала аса бір бейәдеп әрекеттермен көзге түспеген. Бірақ анасы бірнеше рет баланы қараусыз қалдырып, соған байланысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысына шақырылған, ескерту жасалған. Бала салмақты, артық іс-әрекеттері бұған дейін байқалмаған. Ішкі істер органдарының есебінде болмаған. Тек сағат 23:00-ден кейін көшеде жүріп, осы талапты бұзғаны үшін бірнеше рет ескерту алған. Жанында дос баласы болған. Ол кәмелеттік жасқа толған жігіт. Қаладағы колледждердің бірінің студенті. Қазір қайсысы кінәлі екенін білмейміз, нақты анықталған жоқ»,- деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова. Қылмыстық іске қатысты тергеу жүріп жатқан соң өзге ақпарат таратылмады. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024