Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әуежайда 113 жолаушысы бар ұшақ өртенді

ktk.kz

Әуежайда 113 жолаушысы бар ұшақ өртенді

Ұшақта 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі эвакуацияланды, зардап шеккендер бар.Хабарламаға сәйкес, 12 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:09-да Tibet Airlines компаниясының 122 жолаушысы мен экипажы бар ұшағы ұшу-қону жолағынан сырғып шығып, өртеніп кеткен.Оқиға Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласындағы «Цзянбэй» халықаралық әуежайында болды. Барлық 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қауіпсіз жерге шығарылды. Жарақат алған 40-тан астам жолаушы ем алу үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта Чунцин Цзянбей халықаралық әуежайында ұшу-қону рейстері қалыпты жағдайға оралды. Оқиғаның себебі анықталуда. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024