Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жамбыл облысында жантүршігерлік оқиға болды: 3-сынып оқушылары зорланған

kaz.caravan.kz

Жамбыл облысында жантүршігерлік оқиға болды: 3-сынып оқушылары зорланған

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz -қа сілтеме жасап хабарлайды. Телеарна мәліметінше, Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны тоғыз жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген. Үшінші сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ал тергеуде анықталғандай, оқиға наурызда қараусыз қалған ғимаратта болған. Оқиға туралы зардап шеккендердің бірінің анасы хабарлады. Оның тоғыз жастағы ұлы ауруханаға түскен, сол кезде дәрігерлер бала ауыр жарақат алғанын анықтаған. Күдікті балаларды ата-анаңа күш көрсетемін деп қорқытқаны анықталды. Шу ауданының тұрғындары ұсталған ер адам жергілікті мешіттердің бірінде имамның көмекшісі болғанын айтып отыр. Бірақ бас имам бұл деректі жоққа шығарып, қоластында ондай қызметкер мүлдем болмағанын жеткізді. Педофил бұған дейін де мектеп оқушыларына азғындық жасады деген болжам бар. Полиция әзірге мәліметтер жарияламады. "Полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізгенде Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 12-бабының 4-бөлігімен соталды тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты Шу ауданының соты қамауға алу бұлтартпау шарасын бекітті. Барлық сараптама тағайындалды", - дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024