Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шуда балаларға зорлық жасады деген күдікті ұсталды

paryz.kz

Шуда балаларға зорлық жасады деген күдікті ұсталды

Үшінші сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. 6 мамырында Шу аудандық полиция бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 2022 жылдың наурыз айының басында қараусыз қалған ғимаратта белгісіз ер адамның өзінің кәмелетке толмаған ұлы мен онымен жасты досына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтып арызданған. "Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚК 121-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты Шу аудандық сотымен қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", — делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024