Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Мәйітін гараж еденінен тапқан": Қосшыда пеш бөлмесінде ойнаған бала қайтыс болды

paryz.kz

Мәйітін гараж еденінен тапқан: Қосшыда пеш бөлмесінде ойнаған бала қайтыс болды

Қайғылы жағдай туралы полицияға жедел медициналық көмек қызметінің фельдшері хабарлады. «14 мамырда түс уақытында жеті жасар ұл мен қыз гаражда ойнап жүрген. Балалар пештің ішіне кіргенде, ол сыртынан жабылып қалған. Балалар пештен өз бетінше шыға алмаған» деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері гараждың қақпасы жоқ екенін, оған емін-еркін кіріп-шығуға болатынын анықтады. Қыздың мәйітін гараж еденінен тапқан. «Баланың мәйіті өлім себебін анықтау мақсатында елордадағы сот сараптамасы орталығына жолданды. Ұл Нұр-Сұлтандағы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Ол ауыр деңгейдегі гипоксия диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды» деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер. Айта кетсек, бала тұншығып қалған. Пеш қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында ас жылытуға, нан өнімдері мен кондитерлік өнімдерді дайындауға арналған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024