Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды

kaz.caravan.kz

Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz -қа сілтеме жасап хабарлайды. Оның қашан, қалай ұсталғанын полициядағылар ашып айтпай отыр. Белгілісі, жігіт қалалық полиция бөлімінің қызметкері екен. Оған қатысты қылмыстық кодекстің "есірткі заттарын дайындау, сақтау және сату" және "қызметтік жалғандық жасау" баптары бойынша іс қозғалған. Оның бар мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. "Полиция старшинасы қамауға алынды. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіптік комиссияның шешімімен полиция қызметкері ішкі істер органынан босатылды, полиция бөлімінің бастығы атқаратын қызметінен босатылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024