Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Тезірек құтылуды ойлаған": 5 жастағы қыздың мәйіті қоқысқа неге тасталғаны анықталды

paryz.kz

Тезірек құтылуды ойлаған: 5 жастағы қыздың мәйіті қоқысқа неге тасталғаны анықталды

Бүлдіршіннің нағашы ағасының сөзінше, ол кішкентайды молаға апарып жерлемек болған. Жас жігіт анасы жерленген зиратқа бара жатып, кенет санасын қорқыныш билеп, баланың мүрдесін сол жердегі жарға тастап кеткен. "Ағасы мәйітті қоқыс алаңына тастап кеткен себебін түсіндірді. Айтуынша, денені молаға апара жатқан. Түн уақыты болған. Түн болған соң әрі қарай жүруге қорықтым дейді. Ішінде біреу көріп қоя ма деген үрей болғанын айтады. Сол себепті баладан тезірек құтылуды ойлаған. "Үлкен жарды көрдім, сол жерге тастап кеттім" дейді. Сөзіне сенсек, бала айы-күні жетпей, толық жетілмей туған. Сол оқиғаның алдында кішкентай үш күн бойы ауырған. Бірақ анасы да, ағасы да ешқайда хабарламаған. Үш күн ауырса да, баланың ауырғанын ешкімге айтпай, баланың қайтыс болғанын күтіп жатқандай болған", - дейді Сарқан ауданы прокурорының орынбасары Еділ Қорғанбаев. Қазақпараттың дерегінше, анасының қызын өлтірмегенін, баласының ауырып көз жұмғанын айтқан. Дегенмен ол полицияға баласының мүрдесі қоқысқа тасталғанын білмедім деп жауап берген. Келіншектің өзі тұрмыс құрмаған. Жақында екінші баласын босанған. Олардың ата-анасы (келіншек пен інісінің-ред.) марқұм болған. Тағы оқыңыздар: Алматы облысында басы жарылған 5 жастағы қыздың мәйіті қоқыстан табылды (ФОТО) "Үш ай бұрын қайтыс болған": Қоқыстан табылған баланың мәйітіне қатысты жаңа деректер
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024