Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте ер адам баламен жүрген келіншекті зорламақ болған

paryz.kz

Шымкентте ер адам баламен жүрген келіншекті зорламақ болған

Қазір ол іздестіріліп жатыр. Аталмыш жайыттың видеосы танымал мессенджерде таралады, сонымен қатар жергілікті сайттың желідегі парақшасында жарияланды. Кадрдан тұрғын үйдің лифтісіне кірген балалы әйелдің соңынан белгісіз ер адамның ілесе кіріп, лифтінің есігі жабыла салысымен, оған шабуыл жасағанын байқауға болады. Қуанышқа қарай, лифт есігі ашылып, келіншек баласымен бірге қашып шығады. Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған. "2022 жылдың 25 мамырында Шымкент қалалық полиция департаментінің Қаратау аудандық бөлімшесіне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз азамат жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болғанын айтты. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 24-120 бабы ("Зорлауға оқталу" дерегі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша білікті полиция қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, күдіктінің тұлғасын және жүрген жерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауында", - дейді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024