Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайдың оңтүстігінде қатты су тасқыны болды

almaty-akshamy.kz

Қытайдың оңтүстігінде қатты су тасқыны болды

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында төтенше жағдайдың жоғары деңгейі жарияланды. Кейбір аудандарда өзендегі су соңғы 50 жылдағы рекордты деңгейге жетті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Bbc.com сілтеме жасап. Синьхуа агенттігінің дерегі бойынша, келген шығын мөлшері 470 миллион юань немесе 70,2 миллион доллар болған, 40 мыңнан астам гектар егістік жер жоылған. Өзге де өңірлерде нөсер толастамай тұр. Елдің оңтүстігі мен шығысындағы 5 провинция мен автономиялық аудан жапа шеккен. Қатты жауған жаңбыр мен су тасқыны кесірінен лай көшкіндері жүрді. Құтқарушылар күні-түні тынбай жұмыс істеп жатыр. Жалпы осындай жағдай жыл сайын қайталанып жүр және мамандардың пікірінше ахуалдың жақсаратын түрі жоқ. «Көптеген зерттеулер ыстық күшейе беріп, үлкен аумаққа тарайтынын көрсетті. 2050 жылға дейін аптап ыстық кезеңдері болатын жердің ауданы төрт есе артуы мүмкін. Сол кезге дейін нөсер жауатын аудан да екі есе артады. Климаттың өзгеруіне қауіп төніп тұр, мұны қазірдің өзінде сезіп тұрмыз», – деді Мемлекеттік климат орталығының директоры Чао Цинчэнь. Айта кетсек, бұл қатерге төтеп беру үшін Қытайда алғаш рет 2035 жылға дейін климаттың өзгеруіне бейімделудің ұлттық стратегиясы жарияланды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024