Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тағы да күйеуі әйелін ұрып өлтірді

kznews.kz

Тағы да күйеуі әйелін ұрып өлтірді

Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай өз әлеуметтік парақшасында жариялады: ТАҒЫ ДАкүйеуі әйелін ұрып өлтірді;Тағы да сұмдық оқиға балалардың көзінше болды.Тағы да 4 бала тірі жетім қалды.Тағы да Түркістан облысы (Жетісай) 🤷‍♀️Байқұс әйелдің жасы 30-да екен. Төрт баланың кішісіне 6-ақ ай.Шартты түрде сотталған күйеуі, жұрттың айтуынша бұл жолы нашаға еліріп ес жоғалтқан. Марқұмның сынбаған сүйегі, езілмеген органы жоқ. Сұмдық оқиғаны көрген-білген ауылдастар пікірін ➡️➡️➡️ жазбаны жылжытып оқи аласыздар.Өлімші қылып ұрып-тепкеннен әйел Ес-түссіз аурухаға түсті де бір апта бойы комадан шықпай көз жұмды😢Өте өкінішті… 2 ай бұрын дәл осылай Ордабасыда орын алған Үкілай трагедиясы еш сабақ болмаса керек?!Ол оқиға әлі тергелуде. Мына жағдай @turkistan_polisia назарында, қылмыстық іс қозғалды.Қанша жерден жамандықты айтпайық, мал құлағы саңырау десек те өзімізден қашып құтыла алмаймыз!!!Отбасылық зорлық-зомбылық қоғам трагедиясы!!!Өркениет пен технология дамыған сайын адамның деңгейі төмендеп барады🤷‍♀️Егер, әу баста еркектің әйелді ұруын отбасылық кикілжің емес тұрмыстық зорлық-зомбылық деп санағанда талай тиран тайраңдап жүрмес еді!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024