Қырғызстаннан 30 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстандық көрші қырғыз елінен 30 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болды. Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекарашылар "Чон-Капка - Автодорожный" бақылау-өткізу пунктінде жүкті заңсыз әкету фактісін анықтаған. Өткізу бекетіне 38 жастағы қазақстандық жүргізген КамАЗ жүк көлігі келген. Ер адам көлікте тыңайтқыш барын айтқан. Алайда автокөлікті тексеру кезінде шекарашылар 30 тоннаға жуық қант тапты. Ол тәтті өнімді селитра салынған қаптардың арасында жасырған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қазақстан азаматы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
17 тамыз 2022
17 тамыз 2022
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар