Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысында жас қыз тұрғынның атынан несие рәсімдеп алған

alashainasy.kz

Түркістан облысында жас қыз тұрғынның атынан несие рәсімдеп алған

Түркістан облысында жас қыз тұрғынның атынан несие рәсімдеп алған, деп хабарлайды Polisia.kz. Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның ауылдас танысы телефонын пайдаланып, банктік қосымшасы арқылы 560 мың теңге, шағын несие беру ұйымынан 79 мың теңге несие рәсімдеген. Әйел адам мұны қарызыңыз көбейіп кетті деп банк қызметкері хабарласқанда ғана білген, - делінген хабарламада. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 639 мың теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сезіктінің жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Анықталғандай, күдікті жас әйел мұндай қадамға тұрмыстық қажеттілік үшін барғанын айтты. Ол рәсімдеген несиені өзінің банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. BAQ.KZ Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024