Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда екі көлік соқтығысып, бір адам тірідей өртеніп кетті

kaz.caravan.kz

Павлодарда екі көлік соқтығысып, бір адам тірідей өртеніп кетті

Оқиға Нұр-Сұлтан - Павлодар тасжолында Пограничник пен Спутник ауылдарының арасында болған. Екі көлік соқтығысып, салдарынан бір көлік өртенген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатында 3 адам зардап шеккен. «1987 жылғы ер адам омыртқа сүйегінің сынуы диагнозымен, 1999 жылғы ер адам жабық бас сүйек-ми зақымы мен беті жыртылып Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді», - деді басқарма өкілдері. Ал, үшінші адам кім екені анықталмады. «Үшінші адам «Индрайвер» қосымшасымен көлікке отырған жолаушы. Ол адамда биологиялық өлім анықталды. Толығымен жанып кеткендіктен кім екенін анықтау мүмкін болмады», - дейді олар. Жол апаты болған жерге жедел жәрдемнің екі тобы шығып, қызмет көрсетті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024