Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Белбеумен тұншықтырған»: туған әкесі екі қызын аяусыз зорлаған

kaz.caravan.kz

«Белбеумен тұншықтырған»:  туған әкесі екі қызын аяусыз зорлаған

Бұл туралы Немолчи.kz Facebook парақшасында айтылды, деп хабарлайды С aravan.kz медиа порталы. Туған әкесі үлкен қызына 6-7 жастан бастап жыныс мүшесін ұстатып, басқа да азғындық әрекеттер жасапты. Ал кішісін 10-11 жастан бастап зорлаған көрінеді. Әкесі кіші қызын зорлағаннан кейін, үлкен қызы Ақтөбе полициясына 22 маусымда арыз түсірген. Ол әкесінің кемінде үш рет, оның ішінде зорлау және бұзақылық үшін екі рет сотталғанын айтты. Анасының айтуына , күйеуі туысқанын да зорлаған. Ал полиция қызметкерлері күдіктіні қамауға алуға асығар емес. Сонымен қатар, ол мас күйінде, балаларды ұрып-соғып, тіпті үлкен қызын белбеуімен тұншықтырған. Ақтөбе Қаласының Полиция Басқармасы отбасыға дағдарыс орталығына баруды ұсынды. Полицейлер мен күдіктінің адвокаттың ойынша бұның бәрі екі қыздың ойдан шығарған өтірігі болуы мүмкін. Өйткені үлкені қызы әкесін жақтырмағаннан соң, кішісінде солай ойлауға азғырған болуы мүмкін екен.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024