Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда ер адам түнде әйелін әдейі күтіп тұрып,

kaz.caravan.kz

Алматыда ер адам түнде әйелін әдейі күтіп тұрып,

Алматыда ер адам бір әйелге пышақпен тап берді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрда жәбірленуші пышақпен ұмтылған ер адамның әйелі екені айтылады. Ол түнде әйелге пышақ ала жүгірген. Сол сәтте үйдің қақпасынан бейтаныс адам шығып, әйелге көмектеспек болған. Бірақ ашуланған ер адам оған да тап берген. Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі ("денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркелді. "1991 жылы туған Х. есімді күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция басқармасы істің мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ жан-жақты және толық тергеуге бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі", - деп атап өтті полицияның баспасөз қызметі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024