Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өскеменде есірткіні жаңғаққа тығып түрмеге кіргізбек болған

ktk.kz

Өскеменде есірткіні жаңғаққа тығып түрмеге кіргізбек болған

ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, елордадан пошта арқылы келген сәлемдемені тексеру кезінде грек жаңғағы қабығының ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылған. Бұдан бөлек, қағаз орамалдың ішін кесіп телефон тығып қойған. Ал тіс пастасы қорабынан ұялы телефонға арналған құлаққап шықты. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. «Барлық келіп түскен сәлемдемелерді түзету мекемесінің қызметкерлері жан-жақты тексеруден өткізеді. Сотталғандарға алуға тыйым салынған заттар тәркіленеді. Ескертулер мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан кейбіреулер түрме қызметкерлері байқамай қалады деп үміттеніп, заңсыз затты салып жібереді», - дейді ОВ 156/20 мекемесі бастығының орынбасары Ермек Айтмұқашев. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024