Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өскеменде екі мұғалім мектепте кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған

ktk.kz

Өскеменде екі мұғалім мектепте кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған

Әлеуметтік желілерде қаладағы №30 мектеп аумағында екі ер адамның кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болып жатқан видеосы тарап кетті. Белгілі болғандай, бұл сол білім ордасында жұмыс істейтін мұғалімдер болып шықты. Екеуі де мас күйде болған. Ал жасөспірім қыздың кім екені әзірге белгісіз. «Екі мұғалім мен мектеп күзетшісі қызметінен босатылды. Бейнебақылау камерасының жазбасынан зорлық-зомбылық фактілері байқалмаған. Енді қала мектептеріндегі бақылауды күшейтеміз», - деді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагузова. ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, олар жыныстық қатынасқа түсіп үлгермеген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ер адамдар ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024