Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көкшетаулық қызғаныштан әйелін пышақтап өлтірген

ktk.kz

Көкшетаулық қызғаныштан әйелін пышақтап өлтірген

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қанды қылмыс 2022 жылдың ақпан айында Көкшетау қаласында болған. Алкогольге масаң күйде болған ер адам белгісіз біреумен телефон арқылы сөйлескені үшін әйеліне қызғаныштан пышақ салған. Іш қуысына алған жарақаттан әйел оқиға орнында көз жұмды. Олардың кәмелет жасқа толмаған балалары қалды. «Ер адам қылмысын мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сонымен қатар, күдіктінің кінәсі сот сараптамасы арқылы дәлелденді. Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, қатаң режимдегі колонияға тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен бірге сотталушы зардап шеккен тарапқа 5 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге міндеттелді», - деді ведомстводан. Дереккөз: ҚазАқпарат Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024