Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Австрияда мигранттар мінген автобус полициядан қашып бара жатып, апатқа ұшырады

inform.kz

Австрияда мигранттар мінген автобус полициядан қашып бара жатып, апатқа ұшырады

«Бақылау бекетінде тексеру үшін полиция көлікті тоқтатпақ болды. Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларының талабына бағынбай, жылдамдықты арттырып, полициядан қашпақ болды. Автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі арыққа барып құлады»,-деді Бургенланд провинциясының полицейі Гельмут Марбан. «Біз келгенде автобуста 20 мигрант болды. Олардың үшеуіне көмектесу қажет болмай қалды. Өйткені олар апат салдарынан мерт болды. Біреуі әйел, екеуі ер адам. Жеті адам ауыр жарақат алған, олар жақын арадағы ауруханаларға жеткізілді. Кейбіреуін тікұшақпен жеткізу қажет болды»,-деп толықтырды тәртіп сақшысы. Шағын автобус мигранттарды адам саудасымен айналысатындар көп жүретін бағыттардың бірімен заңсыз тасымалдамақ болған. Жолаушылардың ішінде балалар да бар. Автобус жүргізушісі қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші Ресей азаматы. Полиция автобустағы мигранттардың туған жері мен аты-жөндерін анықтап жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024