Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ШҚО-да көпқабатты үйдің тұрғыны шылым шегіп жатып қалғып кеткен

inform.kz

ШҚО-да көпқабатты үйдің тұрғыны шылым шегіп жатып қалғып кеткен

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар Қабанбай батыр көшесіндегі өрт шыққан көпқабатты үйден тұрғындарды эвакуациялап, ер адамды аман алып қалды. «Тілсіз жау төртінші қабатта орналасқан пәтерден шыққан. Өрт сөндірушілер бөлімшелері оқиға орнына келген уақытта үй ішінде жиһаздың ағаш құрылымдары мен матрас жанып жатты. 10 тұрғын өз бетімен сыртқа шығып үлгерген. Құтқарушылар түтін басқан аумақтан тағы үш адамды шығарды», - делінген ақпаратта. Өрт болған пәтерден 1966 жылы туған ер адам құтқарылған. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері тексерген соң оның денсаулығына ешқандай зақым келмегені белгілі болды. Көп ұзамай жалпы ауданы 1 шаршы метрді құраған жалын сөндірілді. Өрттің шығуына – үй иесінің сөндірілмеген шылыммен ұйықтап кете жаздауы себеп болған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024