ШҚО-да түрмеге дрон арқылы есірткі кіргізілмек болған

inform.kz

ШҚО-да түрмеге дрон арқылы есірткі кіргізілмек болған

ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ОВ 156/20 түзету мекемесінің қызметкерлері смартфондар және скотчпен оралған түйіншек салынған дронды тапқан. Дрон колония маңындағы бос тұрған ескі ғимараттың ішінен табылды. Белгілі болғандай, кім екендері әлі анықталмаған тәртіп бұзушылар осы ғимаратқа тығылып, түрме аумағына дронның көмегімен тыйым салынған заттарды тастауға дайындалған. Алайда қызметкерлерді байқаған олар өз аппараттарын алуға үлгермей қашып кетті. «Аталған факті бойынша Өскемен қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Түйіншекті ашу кезінде есірткіге ұқсас зат шықты. Сондай-ақ екі смартфон және басқару пульті бар дрон табылды. Қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалған», - дейді департаменттің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2022