Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде мотоцикл руліне ие бола алмаған жасөспірім көз жұмды

inform.kz

Ақтөбеде мотоцикл руліне ие бола алмаған жасөспірім көз жұмды

Ақтөбе облыстық полиция департаменті тағы да ескерту жасады. Жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін ережені қатаң сақтау керек. «Кәмелет жасқа толмаған ақтөбөбелік мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «LT-200» мотоциклімен Хромтау ауданының Тасөткел ауылы бағытында келе жатып, рульді басқара алмай қалды. Ол оң жаққа аударылып кеткен. Тексеру кезінде қажетті жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі. Еске салсақ, Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Самара-Шымкент тасжолында 6 адам көз жұмды . Ал Ақтөбе-Атырау тасжолында төрт адам мерт болды. Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ-2113 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғынының басқаруындағы КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2113 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды . Көп ұзамай осы ауданның әкелі-балалы тұрғыны жол апатында мерт болды . ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы бағытындағы жолда қарсы жолаққа шығып кетіп, Темір ауданына бара жатқан «Тoyota Camry» автокөлігімен соқтығысқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024