Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда қарт анасын ұрып-соққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты

kaz.caravan.kz

Алматыда қарт анасын ұрып-соққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. Қылмыстық істі Алатау аудандық соты қарады. "Сот барысында сотталушы Александр Смирнов анасын қалай ұрғаны есінде жоқ екенін, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын айтып, кешірім сұрады. Алайда егде жастағы әйел баласын кешірмейтінін айтты. Сот үкімімен Александр Владимирович Смирнов баптың 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107 бабы бойынша 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленсін", - деді Алатау аудандық сотының судьясы Гүлзат Шардарбекова. Еске салайық, мамырда көшеде ер адамның егде әйелді аяусыз соққыға жыққан видеосы Қазнетті елең еткізді. Кейін белгілі болғандай, 74 жастағы анаға шабуыл жасаған ұлы. Оған әйелімен жанжал себеп болған. Кейін ер адам соталды тергеп-тексеруге дейін қамауға алынды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024