Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оралда есірткі таратқан оқушы 7 жылға сотталды

ktk.kz

Оралда есірткі таратқан оқушы 7 жылға сотталды

Биыл 2 наурызда Орал станциясының маңын тексеру кезінде 15 жастағы жасөспірім мен оның 19 жастағы танысы ұсталды. Олардың оралған ұнтақты ағаш бұтақтарына жасырғандығы анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталғандардан алынған зат психотроптық зат болып шықты және оның жалпы салмағы 11 грамды құрады. Ұсталғандар "өз қызметін" Telegram арқылы жүргізген. "Аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу жүргізді. Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал оның 15 жастағы сыбайласы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024