Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда адам өліміне себепші болған көлік ұрысы қамалды

almaty-akshamy.kz

Алматыда адам өліміне себепші болған көлік ұрысы қамалды

Алматыда көлік ұрысы адам өліміне әкеп соққан апатты жасады, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. ПД Анықтау басқармасының хабарлауынша, бұрын бірнеше рет сотталған 22 жастағы Р. есімді азамат Ақсай ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан Mazda көлігін ұрлап кеткен, содан кейін тағы бірнеше қылмыс жасаған. «Дәлірек айтсақ, Алатау ауданындағы тұрғын алабында қаскөй түнгі уақытта үш көліктің аккумуляторларын ұрлап кеткен. Ал таңғы алтыда ол адам өліміне әкеп соққан апатқа ұшырады. Көлік ұрысы Саина көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Абай даңғылымен қиылысқанда Toyota Corolla және Kia Rio көліктерімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Kia Rio инерциямен кедергіге соқты. Бұл көлікті 52 жастағы ер адам басқарған. Өкінішке орай, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. Көлік ұрысын патрульдік полиция қызметкерлері қолға түсірді. Белгілі болғандай, Mazda көлігінің иесі өз көлік құралының ұрланғанын білмеген: көліктің өз үйінің ауласында екеніне сенімді болған. «Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу сонымен қатар, бөтен көлікті заңсыз иелену, бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша да жүргізілетін болады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Шәріпов.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024