Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бішкекте 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған милиция қызметкерлеріне үкім шықты

azattyq.org

Бішкекте 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған милиция қызметкерлеріне үкім шықты

Бішкектің Свердлов аудандық соты 13 жастағы қызды зорлады деген милиция қызметкерлеріне қатысты үкім шықты.Оған сәйкес, екі милиция қызметкері 15, бұл іске қатысы бар деген бір адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек сотталушылардың әрбірі жәбір көрген тарапқа 100 мың сомнан өтемақы төлеуі тиіс."Біз жәбірленушінің әке-шешесімен сөйлестік. Шыққан үкімге наразы емеспіз. Бұл біз сұраған айыптау баптарының санкцияларында көрсетілген максималды жаза", - деді жәбірленуші тараптың адвокаты Тимур Султанов.Мемлекеттік айыптаушылар соттан екі милиция қызметкеріне 15 жыл, тағы бір айыпталушыға 13 жыл жаза сұраған.Сот отырысы жабық есік жағдайында өтті.2 шілдеде Азаттықтың Қырғыз қызметі жеткіншекті зорлау оқиғасы бойынша мақала жариялаған. Осы мақаладан кейін Бішкекте әйел және балаларға қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап еткен акциялар өтті.Дүниежүзіндегі әйелдердің қауіпсіздігі және бақуаты бойынша әлемдік индексте (WPS) Қырғызстан 2021 жылы қауіпті елдердің қатарына кірген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024