Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ниццада 86 адамды жүк көлігімен қағып өлтірген террористердің соты басталды

ktk.kz

Ниццада 86 адамды жүк көлігімен қағып өлтірген террористердің соты басталды

Жүк көлігімен адамдарды басып кеткен радикал исламшылдың шабуылынан 86 адам қаза тауып, 458-і жарақат алды. Лаңкестік шабуылды жасаған Тунис тумасы Мұхаммед Лахуайедж Бухлельді қылмыс орнында полиция атып өлтірген болатын. Бірінші күні сот сегіз айыпталушының кім екенін тексеріп, азаматтық талапкерлердің құрамын нақтылады, оның саны 865 адамға жетті. Париждегі тыңдауға бәрі бірдей қатыса алмайды, сондықтан Ниццада трансляцияға шығатын екі арнайы зал бар. Процесс 16 желтоқсанға дейін жалғасады. Үш айыпталушы отырыс залында күзетпен отырды. Төрт адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалды. Тунисте қамауда отырған тағы бір айыпталушыны қорғаушы қорғайды. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024