Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте есірткі курьері болған 20 жасар қыз екі жылға сотталды

ktk.kz

Шымкентте есірткі курьері болған 20 жасар қыз екі жылға сотталды

Күдікті Telegram желісіндегі парақшалардың біріне «курьер» ретінде жұмысқа тұрып, интернет-ботпен хат жазысқан. Ол заңмен тыйым салынған заттарды иемденіп, оны өзімен сақтап, тасымалдап, Шымкент қаласы аумағындағы жасырын орындарға қалдырып жүрген. Қолға түскен сәтінде күдіктіден жалпы 36 дана қара түсті изолентаға оралған есірткі заттары тәркіленген. Сонымен қатар, ол жасырын орындарға тығып үлгерген жерлерден тағы 2 дана қара түсті изолентаға оралған есірткі заттары алынған. «Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты синтетикалық психотпропты мемкатинонның аналогы – мефедрон екендігі анықталып, жалпы салмағы 39,831 граммды құрады. Сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізді. Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларын, жасаған қылмысының қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, оның жеке басының деректерін ескере келе, сот күдіктіге «бас бостандығынан айыру» түріндегі жазаны қолдану қажет деп санап, оны уақытша қоғамнан оқшаулауға шешім қабылдады» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024