Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Орал тұрғыны өзінің досын ұрып өлтірді

paryz.kz

Орал тұрғыны өзінің досын ұрып өлтірді

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 18 қыркүйек күні сағат 23.25-те болды. «Гастелло көшесінде орналасқан үйлердің бірінде бір-бірімен жолдас-жора болып келетін екі ер адам ішімдік ішкен. Отырыс барысында жанжал туындап, 1985 жылғы ер адам қолына үшкір зат алып, өзінен бір жас үлкен азаматтың денесіне зақым келтірген. Соның салдарынан 1984 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 3 оқушы қызды қағып кеткен жүргізушінің есірткі шегіп алғанын жазған болатынбыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 сәуір 2024