Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызғаншақ ер кісі әйеліне жұмысқа барарда сымтемір ішкиім кигізіп жіберген

paryz.kz

Қызғаншақ ер кісі әйеліне жұмысқа барарда сымтемір ішкиім кигізіп жіберген

Сүйемелдеу қызметі секторы меңгерушісінің сөзінше, жаға ұстатар жағдай Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекенінде болған. Өзге ер азаматпен жыныстық қатынасқа түсіп қоюы мүмкін деп өз жарынан күдіктенген еркек түнгі кезекшілікке түсетін жұбайын осылай қорлап келген. «Әйелін соншалықты қызғанғандығы, әйеліне сым темірден ішкиім тоқып берген пласкугубцымен. Жұмысқа кетеді, жұмыстан келгеннен кейін шешіп алады. Үлкен дәретке бармайды, кіші дәретке бармайды. Міне, күйеуінің санасына жеткен нәрсесі»,- дейді Марат Тарақтиев. Отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі сөз болған жиында сектор меңгерушісі алаяқтықтың шегіне жеткен жайттарды да баяндап өтті. Мәселен, осы ауданда тұратын бес баланың анасы жас жігіттерді алдау арқылы екі рет тұрмысқа шыққан. Әлеуметтік желі арқылы бойдақ жігіттердің сеніміне кіріп, алдап-арбау арқылы ол қалыңмалдың ақшасына қызыққан көрінеді. Шындығында, екі рет күйеуге шығып жүрген көпбалалы ана Жібек жолы ауылдық округінде бір әулеттің келіні болған. «Жыл басынан бері ауданда 88 тұрғын зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, аталған орталықтан көмек сұрап келген. Оның 74-і әйел, 14-і ер-азамат. Ал, Жібек жолы ауылдық округінің өзінен 15 нәзік жанды тұрмыстық зәбір көріп, ауруханаға түскен»,- дейді Марат Тарақтиев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024