Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Күйеуі соғысқа кететінін білген әйел 4 жасар қызын пышақтап өлтірді

paryz.kz

Күйеуі соғысқа кететінін білген әйел 4 жасар қызын пышақтап өлтірді

Бұл туралы «Mirror» газеті хабарлады. Отбасындағы жанжалды күйеуінің Ресей президенті Владимир Путиннің ішінара мобилизациясы бойынша әскерге баратынын естіген әйел тудырған. Ол осыны білген кезде ұрыс шығарып, ашуы үстінде 4 жасар қызын пышақтап тастаған. Содан кейін өзін өзі өлтіруге әрекет жасаған. Бірақ оның өмірін Пермь қаласындағы аурухананың дәрігерлері сақтап қалған. Бұрын Ресей армиясының әуе-десант барлауында қызмет еткен 29 жастағы Рамин Алиев 21 қыркүйекте Владимир Путин 300 мың резервшілерді Украинадағы соғысқа алу жөнінде жарлық шығарған күні шақыру алған. Мұны естіген әйел ұрыс-керіс шығарған. Оны күйеуінің соғысқа баратыны жындандырып жіберген. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу болып жатыр. Соған қарамастан десантшы жігіт армия қатарынан алынған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024