Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Прокурор Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы 7 жылға қамауды сұрады

azattyq.org

Прокурор Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы 7 жылға қамауды сұрады

31 қазанда Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша өткен кезекті сот отырысындағы жарыссөзден кейін прокурор Лаура Асанова Хаменованы жеті жылға бостандығынан айыруды сұрады. Бұл жөнінде жергілікті "Ақ жайық" басылымы хабарлады.Прокурор бұған қоса Хаменованың мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салуды, кәмелетке толмаған жас балалары бар екенін ескеріп, жазасын үш жылдан кейін өтеуге міндеттеуді сұраған.Прокурор Атырау облыстық тілдерді дамыту және архив басқармасының бұрынғы жетекшісі Ақылбек Рысқалиевті де 7 жылға бостандығынан айыруды, "Балқыту" компаниясының директры Өміртай Адамовты 4 жылға бостандығынан айыруды сұраған.13 қазандағы сот отырысында Рысқалиев "пара алушы және пара беруші арасындағы делдал болғаны туралы" бұрынғы сөзінен айнып, Хаменованың "4,5 миллион теңгеге қатысы жоқтығын" мәлімдеген. Ол бұрынғы сөзін "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің қысымымен айттым" деген.Атырау облысы әкіміның бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы жетекшісі Ақылбек Рысқалиев Атырауға "Абай ескерткішін орнатуға арналған мемлекеттік сатып алу келісімін жасасқанда 4,5 миллион теңге пара алған" деген күдікке ілінген еді.Бақытгүл Хаменова ісі биыл мамырда сотқа түскен. Оның ұсталғаны туралы ақпарат 2021 жылдың желтоқсанында шыққан еді. Бастапқыда үйқамаққа алынып, кейін тергеу изоляторына ауыстырылған.Бақытгүл Хаменова 2020 жылдың наурыз айында Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Оған дейін алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаты (2016 жылдың наурызы - 2020 жылдың наурызы) болған.Оның 2016 жылы "Нұр Отан" партиясының (қазіргі - "Аманат) съезінде Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған мадақ сөзі қоғамда көп талқыланған еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024