Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде адам саудасымен айналысқан 3 қылмыстық топ анықталды

ktk.kz

Елімізде адам саудасымен айналысқан 3 қылмыстық топ анықталды

Бұл туралы министр Астанада өтіп жатқан Қазақстандағы адам саудасына күрес туралы құқықтық форумда айтты. «Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайызы – әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі –балалар. Өкінішке қарай, бұл проблеманың Қазақстанға да қатысы бар», - деді Марат Аъхметжанов. Оның мәліметі бойынша қазір жыл сайын елде 100-ден астам осындай қылмыс тіркеледі. «Бұрын 300-ге дейін барушы еді. Осы жылы төрт айдың ішінде адам саудасының 30-ға жуық фактісі анықталып отыр. 3 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Жалпы министрлікте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын қайта құрудың арқасында бұл қылмыстардың анықталу қарқыны артып келеді. Бірақ мойныдау керек, бұл тек салдарымен ғана күрес», - деді Ішкі істер министрі. Дереккөз: ҚазАқпарат Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024